USD 334.48 EUR 355.62 RUB 5.25
Астана:

"Жас ақын" атты студенттер мүшəйрасы мен көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы

Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай Облыстық Халық Шығармашылық Орталығы жанынан ашылған "Талант" жас ақындар клубы мен Ақмола облысының Жастар Ресурстық орталығы бірлесіп "Жас ақын" атты студенттер мүшəйрасы мен көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын ұйымдастырған еді. Оған Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Бақыт Сұмағұл, Әдебиет Және Өнер Музейінің ғылыми қызметкері Бақытбек Бекмұратұлы, ОХШО-ның редакторы Мерген Тоқсанбай қазылық етіп, шараны Оюлы Қуаныш Ерғалиұлы жүргізді. Мүшəйраны Ресурстық орталықтың бөлім меңгерушісі Мырзабек Мырзахметов ашып, қатысушыларға сəттілік тіледі.


Аталмыш сайыстың қорытындысы бойынша «Мәнерлеп оқу» аталымының ІІІ орын иегері Ш. Уәлиханов атындағы КМУ студенті - Беспаева Ақмарал, ІІ орын иегері Ш. Уәлиханов атындағы КМУ студенті Амангелді Гүлжайна атанса, І орынның жүлдесін Ақан cері атындағы мәдениет колледжінің студенті Мұхамбеттияр Жәнібек қанжығасына байлады!!!

«Мен - ақынмын!» аталымы бойынша ІІІ орынды Ақан cері атындағы мәдениет колледжінің студенті - Жұмабек Абзал, ІІ орынды Ж. Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледждің студенті Абылайхан Әшімхан иеленсе, бірінші иегері Ш. Уәлиханов атындағы КМУ студенті Күләш Нысанбек атанды!!! Сонымен қатар барлық қатысушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды!!!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады