USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Жаңарған «Түркістан тарихы»

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «25 жылдыққа – 25 шара» жоспарын бекіткен болатын. Жыл басынан Жұма мешіті музейі, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Асхана, Құдықхана бөлмелері музейлендіріліп келушілерге қызмет жасауда.

«Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Түркістан тарихы» музейі есігін қайыра ашты. Қайта түлеген музей экспозициясы келушілерге Түркістанның тарихынан тың ақпарат берері сөзсіз.

«Түркістан тарихы» музейінің экспозициясы өткен сегіз айда жүргізілген реэкспозициялық жаңғырту, толықтыру, ескі экспозициялық қойылымдарды мүлде жаңа шешімде қайта құру жұмыстары нәтижесінде 60 пайызға жаңартылды.

Музейдің ашылу салтанатына конференция жұмысына қатысушылар, қала әкімінің кеңесшісі Ж.Ибрагимов, қалалық музей өкілдері мен басшылары, музей қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады