USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Түркістан және Елбасы

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында 30 қараша күні «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай «Түркістан және Елбасы» көрмесінің тұсаукесері болып өтті.

Көрменің ашылу салтанатында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Ж.Әубәкір, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков, қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төраға міндетін атқарушы С.Қарпықбаев, ақсақалдар алқасының мүшесі Б.Мұсабеков құттықтау сөз сөйледі. Көрмені тамашалауға қаламыздағы Этнопедагогикалық колледждің оқытушылары мен студенттері, №1 А.Байтұрсынов, №2 Хамза атындағы орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдері, БАҚ өкілдері және музей қызметкерлері қатысты.

Алғашқы болып сөз алған «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Ж.Әубәкір атаулы көрменің маңыздылығын айта келе, еліміздің дамуы, мәдениетіміздің өркендеуі үлкен сарыабдал саясатының арқасында екені айқын, сол саясатты жасап отырған егемен еліміздің тұңғыш президенті, көшбасшы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екенін атап өтті.

Қала әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың тарих сахнасына шығып көреген саясат жүргізе отырып, Солтүстіктегі Ресей, Шығыстағы Қытай, Батыстағы Еуропа елдерінің, мұхит асып АҚШ басшыларымен иығы тең дәрежеде келіссөз жүргізе білгендігін бүгінде әлем мойындап отырғанын жеткізді.

Көрме экспозициясында қорық-мұражай қорынан 50-ден астам жәдігерлер қойылды.

Көрме 2016 жылдың 30 қарашасынан 30 желтоқсанына дейін жалғасады. Баршаңызды көрмені тамашалауға шақырамыз.

.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады