USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

«Тенге - Тәуелсіздік кепілі» атты кітап көрмесі

Оралхан Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапханада (Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) Ұлттық валюта күніне арналып «Тенге - Тәуелсіздік кепілі - Тенге – гарантия Независимости» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрме 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім: Тенге тарихы – бүгінгі таңда еліміздің ұлттық валютасы ретінде теңгенің күші нығайып келеді. Бастапқы кездерде Қазақстан аймағында ұсақ монеталар айналысқа шығарылып, кейіннен алынып тасталды. Қазақстанның «Жібек жолы» деп аталған 10 000, 5000, 2500 және 1000 теңгелік инвестициялық алтын монеталар 1996 жылдан бастап айналысқа шықты. 2003 жылы ең ірі 10 000 теңгелік шығарылды. Ал, 2007 жылы шығарылған 10 000 теңге әлемдегі ең үздік теңге ретінде танылды. Көрменің екінші бөлімі: Қазақстанның Теңге сарайының наградалары, үздік белгілері, медальдар қойылды. Үшінші бөлім: Теңге заманауи валюта әлемінде. Осындай үш бөлімнен тұратын көрмемен ҮМЗ-нің еңбек ардагерлері, МЭСИ экономика факультетінің студенттері және оқырмандар келіп, танысты.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады