USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

«Тәуелсіздік толқынында» Жастар балы

24 қараша күні Жастар орталығы ғимаратында ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында «Тәуелсіздік толқынында» Жастар балы өткізілді.

Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Маусынбаева Мәдина Мінайдарқызы өз құттықтау тілегін арнады: «Бүгін Сіздер «Тәуелсіздік толқынында» Жастар балына қош келдіңіздер! Барша қауымды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығымен құттықтаймын! Барлығымыз 25 жылдық мерейтойды бірлігі жарасқан, бейбітәрі тұрақты, өркендеген елде қарсы алып отырмыз. Жастар біздің болашағымыз. Болашағы зор айбынды Қазақстанның сенім артар азаматтары - сіздер, еліміздің байрағын биік тұғырлардан көрсететін де өздеріңіз екеніне сенімдімін». Іс – шара барысында Мәдина Мінайдарқызы аудандағы жастар саясатының дамуына үлес қосқан белсенді жастарды марапаттады. Іс-шара конкурстық бағдарлама түрінде өтті, жастардан 17 жұп қатысты. Байқауға қатысушыларға құзырлы әділқазылар алқасы баға берді: Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Маусынбаева Мәдина Мінайдарқызы, ауыл шаруашылығы және өндіруші ұйымдардың қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Пристинская Татьяна Васильевна, «Нұр Отан» партиясының Аршалы аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Федорова Роза Шакировна, аудандық мәдениет үйінің хореографы Бакшеев Виталий Павлович.
Бал стиліндегі және кешкі сәнді көйлектер киген жұптар полонез бен вальс биін шыр айналып билеп, әсемдігімен, грациясымен жиналған қауымды таң тамаша әсерде қалдырды. Сонымен қатар, көрермендер назарына отты латын америкалық би ұсынылды. «Мираж» би ұжымы «Қарадағы адамдар» құттықтау биін орындады. Кеште музыкалық мектептің оқушыларының орындауында музыкалық композициялар шырқалды. Байқаудың қорытындысы бойынша барлық жұптарға дипломдар мен естелік кәдесыйлар тапсырылып, ең бастысы баллдың Ханы мен ханшайымы таңдалды.
Барлық қонақтар үшін мерекелік дискотека қойылды.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады