USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

«Тәуелсіздік. Қазақстан. Елбасы» атты ақпараттық сағат негізінде фотокөрме өткізілді

28-қараша күні Атырау облысы Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күніне арналған «Тәуелсіздік. Қазақстан. Елбасы» атты ақпараттық сағат негізінде фотокөрме өткізілді.

Фотокөрме мынадай тақырыптарды қамтыды.
1. Елін сүйген Елбасы.
2. Жаңарған, жаңғырған Қазақстан.
3. Қазақстанның таңғажайып табиғаты.
Фотокөрменің мақсаты – Елбасының әр елге сапар барысында түскен фотосуреттерін, Қазақстанның ғажайып табиғатын, спорт, кеншілер еңбегін, білім, медицина саласының заманауи үлгіде қарқынды дамып келе жатқан сала мамандарының еңбектерін көрермендерге таныстыру.
Фотокөрмені Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері тамашалады.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады