USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

«Соғыс балалары» атты көрмеге шақырады

2016 жылы 27-қазанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы Испанияның Қазақстандағы Елшілігімен бірлесе ұсынып отырған «Соғыс балалары» атты көрмеге шақырады. Аталмыш іс-шараның екі мекеме үшін де маңызы аса зор, өйткені ол екі жақты ынтымақтастық шеңберінде жоспарланған іс-шаралар легінде ең алғашқысы болып табылады. Көрме 20-қарашаға дейін өтеді.

Құжаттардан, естеліктерден, хаттардан, жеке жазбалардан, суреттерден, фотосуреттерден, мұғалімдердің баяндамаларынан құралған бұл жинақ – бірқатар ұйымдар мен жеке тұлғалар жүргізген ұзақ зерттеулердің жемісті нәтижесі, олардың арасында: Мәскеудегі Испан орталығы, «Мұрағат, Соғыс және Қуғын-сүргін» Ассоциациясы және оның Бас хатшысы Долорес Кабра ханым, «Аңсау» қоры, Каталонияның Ұлттық мұрағаты және көрменің жетекшісі Хуан Барсело мырза.

Ұсынылып отырған көрме 27 қазаннан 20 қарашаға дейін жалғасады, ол Испанияның қазіргі заман тарихының бір бөлігін және бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының тарихын, сәйкесінше, Қазақстанның да тарихын қамтиды. Бұл көрме мыңдаған испандық балалардың басынан өткен қасіретін көрсетеді, олар 1937 жылдан бастап, Испаниядағы Азаматтық соғыс (1936-1939) жағдайында елден көшіріліп, бұрынғы КСРО-дан пана тапты, алайда одан да қатігез Екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан, қайғы-қасіреттері сол жерде де жалғасты.

Сонымен қатар, аталмыш көрме ниеттестік пен ынтымақтастықтың тамаша тарихын көрсетеді, мәселен, орыс халқы және Кеңес Социалистік Республикалардың халқы сол испан балаларын құшақ жая қарсы алып, оларға барынша қамқор болып, жақсы білім беріп, лайықты өмір берді.

Аталмыш көрменің түпкі мақсаты – кішкентай кездерінен-ақ соғыстың сұрапыл зардабын көруге мәжбүр болған балаларды құрметпен еске алу.

Көрменің жетекшісі – Аида Әділбекова

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады