USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

"Сезім сырлары" атты көрменің ашылуы өтті

25-қараша күні сағат 16:00-де облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Көркем Академиясының мүше-корреспонденті, суретші Отаралы Айса Бақтиярұлының "Сезім сырлары" атты альбом-каталогының тұсаукесері және жеке шығармашылық көрмесінің ашылуы өтті.

Көрменің мақсаты: бейнелеу өнерінде өзіндік ерекше қолтаңбасы бар суретші шығармашылығын кеңінен насихаттау. Көрмені облыстық Өнер музейінің басшысы Т.Орынбасарұлы ашып, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқу істері жөніндегі проректор Г.Жарасова, Қазақстан және Қырғызстанның халық жазушысы, өнер қайраткері, «Парасат» орденінің иегері И.Жақанов, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Көркем Академиясының вице-президенті Е.Жүнісхан және ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Б.Телеубай сөз сөйлеп, құттықтауларын арнады. Суретшінің шәкірттері ұстаздарына деген ықыластарын ән-күймен жеткізді. Көрмеге облыстағы суретшілер, студенттер, БАҚ өкілдері және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады