USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

«Сағыныш шөбі» атты қайырымдылық қойылымы көрсетілді

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Облыстық қуыршақ театры жыл басынан бері 25 қайырымдылық іс-шараларды жоспарлап, өткізіп келе жатыр. 18 қазан күні «Ари» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Сайрам ауданы мен Қазығұрт ауданының мүмкіндігі шектеулі сал ауруымен ауыратын (ДЦП) балаларына Рахымжан Отарбаевтың «Сағыныш шөбі» атты қайырымдылық қойылымы көрсетілді.

Бұл іс-шараның мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік рухани тұрғыда қолдау көрсету, олардың көңілін көтеру мен ой-өрісін дамыту және тарихымызды бойына сіңіру. Қойылым соңында қоғамдық қордың басшысы Рано Асанбекқызы балаларға қуаныш сыйлаған қуыршақ театрының ұжымына шексіз алғысын білдіре отырып, театр директоры Бахтияр Әбілұлына алғыс хат табыс етті. Өз кезегінде театр басшысы мүмкіндігі шектеулі жандарға әрдайым қолдан келгенше қайырымдылық жасау әрбір азаматтың міндеті екенін алға тарта отырып, олардың ата-аналарына Алла сабыр берсін деген лебізін білдіріп, қамкөңіл балаларға денсаулық тіледі.

Ұқсас сілтемелер:
29 Қараша 2016, 10:14
Ойымдасың сағынышым...
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады