USD 335.61 EUR 361.32 RUB 5.26
Астана:

«Өлеңмен өрілген өр тұлға» атты көрме өтті

14 қазанда Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрында өткен қазақтың аса көрнекті ақыны, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалиевтің туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатта «Өлеңмен өрілген өр тұлға» атты кең көлемді кітап көрмесі жасақталып, оқырман назарына ұсынылды.

Маған жат – тынбақ, сарқылмақ,
Қалжырап көрген жоқ жаным.
Өтермін өзім жарқылдап,
Өзегім толы ақ жалын- деп, ақынның өз өлеңімен басталған кітап көрмесіне халық жазушысының төл шығармалары, ол туралы әдебиеттер қойылды. Сондай-ақ, ақынға арналған өлеңдер де көрмеден орын алды.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады