USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Мұхтархан Оразбаймен шығармашылық кездесу өтеді

2016 жылғы 20 қазан, сағат 11.00-де Н.Қ.Дәулетова атындағы көрмелер залында белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, Шет тілдер және іскерлік мансап университетінің профессоры Мұхтархан Оразбаймен шығармашылық кездесу өтеді.

Іс-шара аясында М.Оразбай ҚР Ұлттық кітапханасының қорына өзінің жеке кітапханасынан қазақ, қытай және түрік тілдерінде кітаптар мен мерзімді басылымдарды сыйға тартады. Осы арқылы кітап қорының өсуіне және көп түрлілігіне өз үлесін қоспақ.

М.Оразбай Қазақстан тарихы және Орталық Азия бойынша «Қазақ тарихы», «Еуразия және қазақ тарихы» сияқты және т. б. көптеген ғылыми еңбектердің, сондай-ақ 500-ден аса ғылыми мақалалардың авторы. Өз еңбектерін тек қана қазақ тілінде емес, сондай-ақ қытай, түрік тілдерінде жазады.

М.Оразбай ғылыми басылымдардан басқа поэзия және прозаға жүгінеді. «Адаспа асыл дос» повесі, әңгімелер жинағы және т.б. оның ұшқыр қаламынан шықты. Осының арқасында ол АҚШ, Жапония, Түркия басқа да көптеген халықаралық ғылыми және поэтикалық қоғамдардың мүшесі болды. Бұдан басқа М.Оразбай Түркия Республикасының ғылым және мәдениет саласындағы ғылыми сыйлықтың еңбек сіңірген лауреаты болды.

Қатысушылар: жазушылар, қоғам қайраткерлері, жоғарғы оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері.

Байланыс телефоны: 267-28-66

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады