USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

«Мәңгілік Ел– жарқын болашаққа бастар жол» атты видео-дәріс

2016 жылдың 27 қарашасында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25- жылдығы қарсаныңда, Семей технологиялық колледжінің студенттері мен ұстаздарына және «Әйел және білім» қоғамдық бірлестігінің қатысушыларына арнап, «Мәңгілік Ел– жарқын болашаққа бастар жол»атты видео-дәріс оқып қайтты.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы және басты құндылықтар толық нұсқада 2014 жылғы 14 қаңтардағы «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Елбасының халқына Жолдауында және 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылғанынан бастап бүгінгі күнге дейінгі істелген істер жайында студенттерге қысқаша ақпарат берілді. Сонымен қатар, шет елдердің ұлттық идеяларына жасалған шолу қатысушылардың қызығушылығын оятты. Шара барысында Мәңгілік Ел идеясына байланысты деректі фильм көрсетіліп, слайд-шоумен толықтырылды. Осы шараға арналып ұйымдастырылған «Елбасы – ел мақтанышы, ел тірегі» кітап көрмесі қатысушылардын көңілінен шықты. Аталмыш шара еліміздің болашағы жас жеткіншектердің бойына өз еліне деген сүйіспеншілігі мен отансүйгіштік сезімдерін оята білді деп ойлаймыз.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады