USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

«Мәдени мұра және Республика Тәуелсіздігі» атты дөнгелек үстел

2016 жылдың 19 қазан жұлдызында М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәдени мұра және Республика Тәуелсіздігі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шара мақсаты: Қазақстан мәдени мұрасын сақтап, насихаттау. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы қаланың мәдени мекемелерінің дамуын және қазіргі келбетін көрсету.
Дөңгелек үстелге Ш.Уалиханов атындағы КМУ филология ғылымының кандидаты, аға оқытушысы Есмағұлов А.Ы., Тарихи - мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы археология, сәулет және қалақұрылыс ескерткіштерін қорғау бөлімінің меңгерушісі Искаков С.Б., М.Ғабдуллин атындағы музейінің ғылыми қызметкері Есжанова А.Ж., Әдебиет және өнер музейінің ғылыми қызметкері Альменов Н.Қ., Бақытбек Бекмұратұлы және Ш.Уалиханов атындағы КМУ студенттері шақырылды.
Көрнекілік ретінде слайд көрсетілді. «Рухани қазына – ғасырдан-ғасырға - Книга в веках» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Ақмола облыстық кітапханасының сирек және құны басылымдар қорының және «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шыққан кітаптар қойылды.


Қала музейлерінің өкілдері музейдегі өзгерістер, қазіргі музейлердің келбеті туралы сөз сөйлеп, слайд, видеобейнелер көрсетті. Тарихи - мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы археология бөлімінің меңгерушісі Искаков С.Б. тарихи-мәдени мұраны сақтау және Көкшетау қаласының жаңа ескерткіштері туралы айтып, слайд көрсетті. Ш.Уалиханов атындағы КМУ оқытушылары Есмагулов А.Ы. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шыққан басылымдар туралы сөз қозғады. М.Ғабдуллин атындағы музейінің ғылыми қызметкері Есжанова А.Ж. музейде «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында өткен іс шаралар туралып айтып, бейнеролик көрсетті.

Ұқсас сілтемелер:
08 Желтоқсан 2016, 13:39
«Тәуелсіздік құрдастары»
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады