USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

«Қазақстан ядросыз әлем үшін»

Оралхан Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапханада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып «Қазақстан ядросыз әлем үшін - Казахстан за безъядерный мир» тақырыбында кітап көрмесі ашылады.

Семей ядролық сынақ алаңының жабылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылатын көрме 3 бөлімнен тұрады. «Ядролық сынақ аумағы және оның зардаптары» - «Масштабы ядерных испытаний и их последствия» атты 1-бөлімде Семей сынақ алаңының картасы, фотоқұжаттар, кітаптар қойылады. «Семей-Невада» ядролық қаруға қарсы қозғалыс» - «Антиядерное движение «Невада-Семипалатинск» атты 2-бөлімде еліміздегі сынақ алаңының жабылуы, «Семей-Невада» қозғалысының құрылуы туралы материалдар, Бейбітшілік үшін Кеңестік-Американдық жорық материалдары мен кітаптар, фотосуреттер және т.б жинақталған. «ҚР Президенті Н. Назарбаев – ядросыз әлем үшін» - «Президент РК Н. Назарбаев – за безъядерный мир» тақырыбындағы 3- бөлімде Президент Н. Назарбаевтың 1991 жылы, 29-тамызда Семей ядролық сынақ алаңын жабудағы және әлемді қарулануға қарсы бірлесуге шақыру бағытындағы еңбегі туралы материалдар топтастырылған. Сонымен бірге, көрмеде үш тілде «Қазақстан - ядросыз әлем үшін»-«Казахстан за безъядерный мир» атты деректі фильмі және «Испытание полигона – испытание народа» тақырыбында слайдтық таныстырылымы да келушілер назарына ұсынылады.
Көрме 2016-жылдың 31-желтоқсанына дейін қызмет көрсетеді.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады