USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

«Қазақ вальсі» музыкалық вернисажы болады

2016 жылы 1 желтоқсанда сағат 19.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Президент күніне арналған «Қазақ вальсі» музыкалық вернисажы болады. Халықаралық конкурстардың лауреаттары Ақалтын Бекболатова (вокал) мен Әлия Исабаева (рояль) қазақ операларынан ариялар, Күләш Байсейітова, Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова және т.басқалардың репертуарынан әндер орындайды.

Концерт қазақ бейнелеу өнерінің шеберлері Ұлы даланың көрнекті күміс көмей, жез таңдай әншілері Күләш Байсейітова, Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова, Шолпан Жандарбекова және басқалардың терең ойлы бейнелерін мәңгілікке қалдырған Қазақстан залында өтеді. Олар – қазақ халқының даңқты қыздары – Қыз Жібек, Ақтоқты, Сара, Айсұлуды және қазақ фольклоры мен операларының басқа да қаһармандарын шырқатып, қазақ халқының жүрегінде өшпес із қалдырған әншілер.

Ақалтын Бекболатова – Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның түлегі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблінде жеке дауыстағы әнші. Республикалық және халықаралық, Күләш Байсейітова атындағы республикалық конкурстың қатысушысы және лауреаты. Ақалтын Қорғаныс министрлігінің ансамблімен Ресей, Германия, Түркияда гастрольдік сапарларда болды, Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай және т.б. елдердің армиясының халықаралық әскери оқу-жаттығуларына арналған концерттерге қатысты.

Кешті жүргізуші Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-нің менеджмент және сыртқы байланыс орталығының жетекшісі Клара Исабаева.

Анықтама телефондары – 394-57-18, 8-705-888-6562, 8-747-181-5126.

Билеттің құны – 2500 тенге. Билеттің құнына: 1) сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін музейді аралап шығу; 2) 18.30-ден – кофе-брейк; 3) 19.00-дегі «Қазақ вальсі» концерті кіреді.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады