USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

«Ынтымақ әуендері» атты сазды-думанды қойылым

Бүгін ОҚО әзіл-сықақ және сатира театрында «1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне» орай, У. Абдраимовтың «Ынтымақ әуендері» атты сазды-думанды қойылымы кезекті рет қойылды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп жатқан сындарлы саясатына үйлесетін бұл қойылымда «Ынтымақ» ауылында тұратын түрлі этнос өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, олардың мәдениет пен өнерге деген құрметі баяндалады. Аталмыш қойылымды көрермен қауым қызыға тамашалап, зор әсер алды. Алдағы уақытта театр ұжымы, осындай мазмұнды қойылымдар арқылы көрерменге жақсы көңіл-күй сыйлайтын болады. Мереке құтты болсын!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады