USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

"Иллюзия және арман"– II  атты көрмесінің ашылуы өтеді

2016 жылдың 21 қазан күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейі сәулетші, мүсінші, өнертапқыш Сәкен Нарыновтың "Иллюзия және арман"– II атты мерейтойлық көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозицияда суретшінің 70-ке жуық авторлық туындыларымен қатар сәулеттік жобалары, мүсін және арт-нысана ұсынылады. Көрме 2016ж. 6 қарашаға дейін жалғасады.

Сәкен Нарыновтың «Иллюзия және арман – II»

Суретші, сәулетші, мүсінші және философ Сәкен Нарыновтың шығармашылығы әлемнің сыртқы өзгерістерін мұқият бақылауға бағытталған. Тіршіліктің барлық негізін құрайтын себеп-салдарлық байланыстарды тынымсыз іздеу ол үшін өте маңызды. Әлемнің ұйымдасу тәртібі де осы тұрақты тартылыс пен қарама-қайшылықтар күресіне негізделеді, сондықтан автор заттардың орынды табиғи дамуындағы олардың бір-бірімен байланыстылығына зер салады.

Көрме Сәкен Нарыновтың көркемдік-ғылыми ізденістерінің негізгі шеңберін айқындайтын ең үздік тауындыларын біріктіреді.

Экспозиция символикалық түрдегі ғарыштық кеңістік негізінде құрылған және нысандардың басым бөлігі гравитация заңдарын теріске шығарғандай ауада қалықтап, ілініп тұр.

Сәкен Нарыновтың мүсіндері темір тордан жасалған. Берік материал болғандықтан ол нысанның шегін айқын білдіреді, сонымен қатар оның мөлдірлігін де сақтайды және осынау көз жүгіртуге күрделі пішіндердің ішкі иірімдерін де түсінуге мүмкіндік береді.

А. Энштейннің ізбасар шәкірті, белгілі американдық ғалым Мартин Гарднер Нарыновтың топология саласындағы әзірлемелерін жоғары бағалап, өзінің мүсіншімен жеке хат алмасуы барысында «....ол ешкім де бара алмаған тұңғиықтарға көз жүгіртті....» деп атап өткен.

Заманауи ғылымның ең озық жетістіктеріне жүгіне отырып автор білімнің символикалық түрдегі кеңістіктерін зерттеуге бағытталған математика мен астрофизика, космология мен топология сынды түрлі салаларын біріктіреді. Пәнді терең түсінбей және ғылыми білімдерді меңгермей, осындай күрделі модельдер жасау мүмкін емес.

Галактика "Лебедь-А" (1997), моделі мүсіншінің тіркелген өнертабыс ретінде өзіндік визит карточкасы болып табылады.Оның туындысына жоғарыдан көз алмай қарай отырып геометрияның екі тұйықталған жолағының пайда болғанын елестете аласыз. Қазіргі таңда бұл белгілі авторлық жұмыс Қазақстанның техникалық жоғарғы оқу орындарының бірі –. Қ. И. Сатпаев атындағы .Қазұту-дың символы болып табылады. Сәкен Нарыновтың "Иллюзия және Арман" – II көрмесі суретшінің алдыңғы жасалған көрмесіне 10 жыл өткен соң ,70 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Экспозицияда автордың кәсіби қызметінің 30 жылдығына арналған таңдамалы шығармалары ұсынылып отыр. Онда сәулеттік жобалары мен қатар мүсін және арт-объектілер, оның көркемдік-ғылыми ізденістеріндегідегі негізгі шеңберлер бар. «Астероидтың ұшуы» жұмысы экспозицияда орталық бөлікті алып отыр. Автор ғарыш объектісінің қозғалысын бақылай отырып, адам өмірі мен аспан денелері арасындағы болған параллельді жүргізеді. Әр адам – қайталанбас жеке ғалам, бүкіл әлем, адамның өмірге келіп кетуі табиғаттың заңдылығы екені сөзсіз, кеңістіктерді құру бойынша шебер Сәкен Нарымов "Иллюзия және арман"көрмесін осыған арнайды.

Өнертану ғылымдарының кандидаты Екатерина Резникова

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады