USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Ғибратқа толы ғұмыр: кітаптың тұсаукесері

16-шы қазан күні Абай атындағы кітапханада белгілі журналист Асан Омаров пен публицист, аудармашы Тілеген Ахметұлының бірлесіп жазған «Ғибратқа толы ғұмыр» атты кітабының тұсаукесері өтті. Аталмыш кітап Семейлік атақты педагог, «қазақтың Макаренкосы» атанған майдангер ұстаз, аңыз адам – Төкен Жұмановтың өмір жолына арналған. Шараға зиялы қауым өкілдері, өзі қызмет еткен №1 мектеп-интернаттың ұстаздары, шәкірттері, туыстары, көзін көрген замандастары, БАҚ өкілдер қатысты.

Шараның басында қатысушылар бақилық болған ұстаздарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұл күндері еліміздің түпкір-түпкірінде қызмет етіп жүрген ұстаздың шәкірттері оның ғибратқа толы ғұмырын тебірене айтып, атақты ұстазды қимас сағынышпен еске алды. Әрқайсысы ұстаз-әке туралы шынайы махаббатпен, жылы жүрекпен сыр шертіп, ол кісінің адамгершілігін, қамқорлығын, адалдығын тебірене баяндады. Атақты ұстаз туралы шағын сахналық қойылым қойылып, фотосуреттер мен өмірінің кейбір сәттерінен сыр шертетін слайд көрсетілді. Ұстаздардың ұстазы болған Семейден шыққан феномен тұлға, «қазақтың Макаренкосы» Төкен Жұмановқа арналған осы кітап – ескерткіштердің ең биігі болып қала бермек. Кітап тұсаукесерінің соңы «Ұстазым» әні мен «Интернат маршын» шырқаумен аяқталды.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады