USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Футбол ойнап, «Экспо-2017» көрмесіне жол ашты

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай қаламыздағы бірқатар мекемелер Назарбаев зияткерлік мектебіндегі футбол турнирінде бас қосты.

Алаңға жиналған командалар қатарында «Казтрубпром» ЖШС, «Мажитова» ЖК, «Досқалиев» ЖК, №42 «Ақ ниет» гимназиясы және НЗМ құрамасы болды. Бұл күні қатысушылар бұқаралық спортты дамытуды қайырымдылықпен ұштастырды. Себебі теңбілдопшылар жарысқа қатысу үшін жарна салды. НЗМ-нің дене шынықтыру пәні бірлестігінің жетекшісі Аслан Исмагуловтың айтуынша, бүгінгі жарыс «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысушы оқушыларды қолдауға арналған. Жарыстан түскен қаржыға арнайы сертификаттар алынып, облысымыздың ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларына табысталады. Осылайша қатысушылар бұл шара арқылы тек спортты қолдап қана қоймайды, жас жеткіншектерге Ел ордадағы тарихи оқиғаға куә болу мүмкіндігін сыйлайды.

Бұл күнгі жарыс тартысты әрі қызықты өтті. Алаңда бас қосқан бес команда өзара бақ сынасып, нәтижесінде 1-орынды №42 «Ақ ниет» гимназиясы алды. Ал екінші және үшінші орындарды «Мажитова» ЖК мен «ТМК-Казтрубпром» ЖШС өзара бөлісті. Сондай-ақ Аслан Хайрушев үздік ойыншы, Еркебұлан Ахметов үздік шабуылшы, Батырхан Мухамбетқалиев үздік қақпашы, Сағадат Карменов үздік қорғаушы атанды.

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі бұған дейін осындай игі шараларды жүзеге асырды. Олардың қатарында ұсақ-түйек заттардың, қолөнер бұйымдарының, тәтті тағамдардың жәрмеңкесі, киносеанс болды. Аталмыш шаралардан жиналған қаржыға арнайы сертификаттар алынып 10 желтоқсанда болатын НЗМ Ашық есік күніне келетін оқушыларға (БҚО ауылдық жерлерінде тұратын көпбалалы, аз қамтылған отбасы балалары) табысталады.

Ұқсас сілтемелер:
08 Желтоқсан 2016, 15:45
Қыс кезіндегі жалынды танго
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады