USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

«ЕР-ТӨСТІК»

Театр - қоғамның жоғын жоқтайтын, кетігін толтыратын,жыртығын жамайтын, руханиятың тал бесігі. Ал, бесік - сәбидің жақсы ұйықтап, жылы жатуын ғана емес дене бітімі мен дүние танымының дұрыс қалыптасуы үшін қолданылатын құрал. Осы ретте, Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 28-қараша күні Астаналық бүлдіршін көрермендерді «театр» атты таңғажайып тал бесікке бөлемек. Яғни, ертегі айтатын - әжесі, әлди әніне салатын - анасы жоқ бүгінгі қоғамның ең кемшін тұсына, аталмыш театр азаматтық қолдау танытпақ.

Біздер - қыздырылған пештің түбінде, ұршық иіре отырып әжелеріміз баяндап берген, кейін мектеп оқулығынан оқыған «Ер-Төстік» халық ертегісін ҚР еңбек сіңірген қайраткері, режиссер - Болат Ұзақов өзі сахналық нұсқасын жасап, көрермен қауымға ұсынғалы отыр. Б.Ұзақовтың тәжірибесінен туындағын театрлық қойылымдардың қайсы бірін алып қарасаң, қағылездік пен кірпияздық, суреткерлікке сай тазалықты байқаймыз. Тек ересек қауымға ғана емес кішкентай көрермендердің де жан дүниесін түйсіне білетін сахнагер «Ер-Төстік» ертегісінде ерлікті, батырлықты, отансүйгіштікті ұстаным еткен. Театрдың ішкі мүмкіндігіне қарамастан ертегі әлеміне бойлауда фантастикалық картиналарды театрлық штрихтармен шебер жеткізген. Жалмауыз кемпірдің зымияндығы, бір тал шашының өзі сиқырлы күшке ие екендігін көзбен көрсең, еріксіз сенесің.

Сценографиялық шешімдерді жасаған Шынар Елембаеваның да еңбегі орасан. Қазақы сипаттағы сахналар мен режиссер екеуінің ұйымдаса жасаған көріністері бірден көзге ұрады. Балетмейстер - Салтанат Жолымбаеваның қойған би қимылдары бірде күлкіге, бірде батырлыққа жетелейді.

Жай сөйлегеннің өзінде үніне ынтық етіп, дауыс ырғағымен балқытып әкететін театр актрисалары (бірінші құрамда) ҚР еңбек сіңірген артисі - Жанат Чайкина мен (екінші құрамда) ҚР еңбек сіңірген қайраткері - Гүлбаршын Қылышбай ертегіні баяндап «Ертекші» қызыметін атқаратын болады. Жүрекке жылы, әдемі кербез үнді актрисалар сіздерді тіптен үйіріп әкетіп, ертегінің ішіне бірден жетелей жөнелетініне сенімдіміз. Ал, театрдың жас буыны мен майталман артистері ертегі кейіпкерлеріне жан бітіріп, баяндалар оқиғаны көз алдарыңызда тірілтіп көрсетпек.

Құрметті ересек қауым!.. Егер, сәби күніңіздегідей бала болып таңданып, мейірлене әжеңіздің қиял-ғажайып ертегілерін тыңдаған сәтіңізді сағынсаңыз сізге де келіп көуге рұқсат. Ал, ұл мен қызыңызға ертегі айтып беруге қолыңыз тимей, қарбалас күйбің кешсеңіз, онда баларыңғызды 28-ші қараша 12:00 де және 15:00 де Қ.Қунышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ муызкалық драма театрында болатын «Ер-Төстік» ертегісінің тұсаукесеріне алып келіңіз. Өкінбейсіз, өйткені театр өмірлік принципінен жаңылған емес.

Нұрислам Әбділ

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады