USD 335.61 EUR 361.32 RUB 5.26
Астана:

«Ертеңіне ел сенген, тегеурінді төл теңгем» атты  тарихи  сабақ  ұйымдастырылды

28 қараша күні облыстық кітапханада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Ертеңіне ел сенген, тегеурінді төл теңгем» атты тарихи сабақ ұйымдастырылды.

Мақсаты: жастарды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі-теңгемен тереңірек таныстыру, төл теңгеміздің шығу тарихын ,айналымға енген уақыты жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып, елін, жерін құрметтеуге, елжандылыққа тәрбиелеу.

Тарихи сабақ барысында Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжінің оқытушысы Мұсаева Қайыркүл Мұсақызы баяндама жасап, теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі, ұлттық валюта – еліміздің даму көзі екенін айтып, тарихи төл теңгеміз жайлы біраз мағлұматтар берді.

Сабақ соңында студенттерге «Теңге – дербестік тірегі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады