USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

«Елбасы ұраны – Мәңгілік Ел» атты дөңгелек үстел өтті

2016 жылғы 30 қараша күні сағат 11.00-де «Астана» Ұлттық сурет галереясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және 1 желтоқсан Президент күніне арналған «Елбасы ұраны – Мәңгілік Ел» атты дөңгелек үстел өтті. Осы аталған дөңгелек үстел аясында Елбасы бейнеленген туындылардан құралған көрме ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – Тұңғыш Президент күнін, Елбасымыздың тұлғалық қасиетін, қайраткерлігін насихаттау, өскелең ұрпақ бойына ұлтжандылық, тарихи сана, азаматтық белсенділік сынды қасиеттерді сіңіруге ат салысу, сонымен қатар осы бағытта бейнелеу өнерінің, қылқалам шеберлерінің рөлі мен олардың қосар үлесін ашып көрсету.

Іс-шараға қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбай, сонымен қатар Елбасының бейнесін салған Амандос Ақанаев, Ерлан Айтуаров, Нұржан Қарымсақов, Манатбек Аманбаев сынды танымал суретшілер қатысты.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының стратегиялық сарабдал саясатының арқасында Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, мемлекеттік институттарымыз нығайып, көк байрағымыз асқақтап, ұлттық рәміздеріміз айшықталды. Егемен еліміздің асқан асуларының, елдегі жасампаз істердің барлығы дерлік ҚР Тұңығш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты болып отырғаны белгілі. Мемлекет басшысының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы салиқалы саясатының арқасында еліміз саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен өркендеудің даңғыл жолына түсті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Елбасының осы ерен еңбегін насихаттауда ҚР Тұңғыш Президенті күнінің рөлі туралы, сондай-ақ бейнелеу өнерінің осы бағыттағы орны және Елбасы бейнеленген туындылардың салыну тарихи туралы әңгіме қозғады. Дөңгелек үстелден кейін қонақтар Елбасы бейнеленген туындылардың көрмесін тамашалады.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады