USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Джонатан Трапман мырзамен келісімшарт меморандумына қол қойылды

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және Ұлыбритания елінен келген Қожа Ахмет Ясауи хикметтерін ағылшын тіліне алғаш тәржімалаушы белгілі ғалым Джонатан Трапман мырзамен шығармашылық мәдени ынтымақтастықты нығайту жөнінде келісімшарт меморандумына қол қойды.

Қорық-музей директоры Ж.Әубәкір алдағы уақытта да бірлесе жұмыстар атқаратындықтарын тілге тиек етті. Сонымен қатар Дж.Трапман жуырда Қазақстанға қайта келіп Қожа Ахмет Ясауи туралы бейне түсірілім жасайтындығын мәлімдеді. Музей әкімшілігі аудармашы ғалымға шығармашылық табыс тілеп, қазақы дархан көңілмен сый-сияпат жасады.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады