USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Дэннис Кинмен Қазақстанға саяхат: семинар

Қазанның 14-ші жұлдызында Абай атындағы кітапханада американдық оқытушы Денис Кинның қатысумен семинар өтті .

Дэннис Кин Алматы қаласын жан-жақты зерттеп, орналасу жағдайын терең білгендіктен шетелдік саяхатшылар үшін «Almaty Walking Tours» атты саяхаттық тур жүргізіп келеді. Ол еліміздің Астана, Тараз, Шымкент және Қызылорда қалаларына жаяу серуендеу турларын жасаған. Дэннис Киннің «Жаяу серуендеу» жобасының негізгі мақсаты: шетелдік қонақтарға еліміздің көрікті орындарын жан-жақты таныстыру. Ол кітапхана пайдаланушыларымен кездесу барысында өскен ортасы, білім алған оқу орындары, Қазақстанға келген мақсаты жайында әңгімелеп, әртүрлі елді-мекендер мен қалаларға саяхаттық сапарларынан ақпараттар беретін слайд көрсетіліміне шолу жасады. Шараға қатысушылар тарпынан шетелдік оқытушыға «Қазақстан жайлы пікіріңіз», «Семей қаласы ұнады ма?», «Қазақстанда қашанға дейін боласыз?» және т.б. сұрақтары мен сауалдарын қойды.

Шетелдік оқытушы 15,16 қазан күндері барлық ниет білдіруші кітапхана пайдаланушыларын «Жаяу серуендеу» жобасы аясында бірлесіп жұмыс жасау үшін, қаланың көрікті жерлеріне бірге саяхат жасауға шақырды.

Іс-шараға мұражай қызметкерлері, туризм саласы өкілдері, Шәкәрім атындағы университеттің студенттері, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушылары мен оқушылары қатысты. Шараға қатысушылар «Шығыс Қазақстанның көрікті жерлері» атты кітап көрмесін тамашалады.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады