USD 334.48 EUR 355.62 RUB 5.25
Астана:

«Ботагөз» романына 70 жыл толды!

Биыл Қазақтың әйгілі жазушысы, ақын Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романына 70 жыл толды!

«Ботагөз» романы - қазақ халқы өміріндегі төңкерістік ірі кезеңді шебер бейнелеген келелі шығарма. Роман КСРО халықтары тілдерінде және бірқатар шет ел тілдерінде аударылып басылды. Бұл – ең данышпан шығармаларының бірі. Революция мен онан соңғы біраз дәуірдің шындығы романда сол кездегі әдебиетте беки бастаған социалистік реализм әдісімен талданып суреттелген.Романдағы басты кейіпкер Ботагөздің тарихи кезеңнің талай қиын- қыстау кезеңдерінен өтіп, саналы күрескер, білікті қайраткер болып қалыптасуы нанымды бейнеленген. Романда қазақ халқының ұлттық сипаттары: дәстүрі, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы, қоғамдық, саяси іске араласуы және оны ұғуы, ғылым-білімге, болашаққа ұмтылуы, революцияны түсінуі және оның сонынан адал сенген пейілмен еруі, осы жолда асқан ерлік, батырлық мінездер көрсетуі романда большевиктер партиясы қойған талап тұрғысында көрсетіледі.
«Ботагөз» романы кезінде қазақ әдебиетінің тарихында сапасы жағынан өскен әдебиеттер талабын көтере алатын, бірден-бір күрделі окиғалы, сақа туынды аталғанын айту жөн. Осы күнге дейін сан рет басылып, оқушысын тауып отырған бұл шығарма бүкіл кеңестік дәуірдегі әдебиет қорының төрінен орын алды, орыс тіліне аударылуы арқылы Кеңес Одағының көптеген халықтарының сүйіп оқитын кітабына айналды. Өйткені роман оқушысын, біріншіден, көркем жазылған, сом соғылған туынды болуымен тартса, екіншіден, онда айтылмақ жайттар көптеген ұлттардың, әсіресе Орта Азия халықтарының барлығының дерлік басынан кешкен қиын - кыстау халдеріне ұқсауымен, яғни патшалық Ресейдің бұрын отарлы ел болып келген халықтарының көкейкесті жайын баяндауымен тартты.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады