USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

«Бейбітшілдік, әділеттілік және даму» атты электронды ресурстарға шолу өткізілді

28 қарашада Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында «Бейбітшілдік, әділеттілік және даму» тақырыбында кітапхана қызметкерлеріне арналып электронды ресурстарға шолу өткізілді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының мақсаттарының бірі - бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойына ұйым халықаралық дағдарыстардың алдын-алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кешенді операцияларды жүзеге асырды. Міне, осы орайда кітапханашыларға шара бағдарламасы бойынша ғаламтордағы арнайы ресурстар арқылы www.ru.wikipedia.org, http://www.zakon.kz/4799388-kazakhstan-uluchshil-svoi-pozicii-v.html бейбітшілік, әділеттілік жайында кеңінен мағлұматтар берілді. Қазіргі таңда соғыс мәселелері әлем жұртшылығын алаңдатып отырғаны белгілі. Сондықтан да, шолуда осы және әділеттілікке қол жеткізу тақырыптары http://www.adilet.gov.kz/ru/node/60771 жан-жақты талқыланды. Шара барысында қатысушылар түрлі ресурстар арқылы өздерінің ойларын дамытуға, ақпараттық технология құралдарын кеңінен қолдану арқылы өзекті тақырып бойынша ақпарат іздеу мүмкіншілігіне ие болды. БҰҰ-ның жалғыз үндеулері мен арыздарымен бейбітшілікке қол жеткізу қиын, сондықтан бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау бәріміздің атқарар ісіміз болып табылады.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады