USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Бауыржан Бабажанұлының поэзия кеші

Ақтөбе облысының Қызылордадағы күндері аясында 2016 жылдың 14 қазан күні cағат 15.00 - де Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, ақын, облыстық «Ақтөбе» газетінің редакторы Бауыржан Бабажанұлының шығармашылығына арналған поэзия кеші ұйымдастырылды.

Бауыржан Бабажанұлы 1969 жылы 21 мамырда Қарақалпақстан Республикасы Мойнақ ауданында туған. 1986 жылы Қоңырат ауданындағы «Ленинизм» орта мектебін, 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 1995-1996 ж.ж. ҚР ҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер, 1996-1999 ж.ж. «Жалын» журналында, «Ана тілі» - «Жалын» бірлескен басылымдарында бөлім меңгерушісі, 2000 жылы «Алтын Орда» тәуелсіз апталығында бас редактордың орынбасары болып қызмет істеген. 2000 жылдан бері Ақтөбе облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы. 2003 жылы Астана қаласында өткен халықаралық «Шабыт» фестивалінің «Әдебиет» номинациясы бойынша бас жүлдегері, 2001 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» және Астана қаласының 10 жылдығы медальдарының иегері. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Кешті ақын, жазушы Шахизада Әбдікәрімов жүргізді. Кеш қонақтары Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қ.Айтбаев және «Сыр медиа» ЖШС-гі бас директоры А.Оңғарбаевтар сөз сөйлеп, ақынның шығармашылығына тоқтап өтті.

Бауыржан Бабажанұлы өз кезегінде кешке жиналғандар алдында өзінің өлеңдерін оқып, оқырмандар сауалдарына жауап берді.

«Арманымен қондырған айға өлеңін» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады