USD 331.87 EUR 353.31 RUB 5.56
Астана:

«Әзірет Сұлтанның» Республикалық газеті жұмысын бастады

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ЮНЕСКО тарапынан 2016 жыл - «Ясауи жылы» деп жариялануына орай, қазан айынан бастап «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы жанынан «ЯСАУИ МҰРАСЫ» атты республикалық мәдени-танымдық жаңа газет өз оқырмандарына жол тартты. Алғашқы таралымы 2000 данамен жарық көрген газет «ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫ МЕН ІЛІМІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында көпшілік қауымның назарына ұсынылды.

300 мыңдай тұрғыны бар Түркістан аумағындағы 180 ге жуық мәдени-архитектуралық, зайырлы-діни орындар, 24 мың жәдігер бұл күнде қорық мұражай есебінде. Өлкенің өткенінен құлағдар етіп, халқымыздың салт-дәстүрінен, әдет ғұрпынан, тамыры терең тарихынан сыр суыртпақтайтын мұндай газет қалың оқырманның сұранысын қанағаттандырары сөзсіз.
А2 форматындағы газет айына бір рет жарық көріп тұрмақ.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады