USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Әуенге толы Франция

Францияның ең жарқын, ерекше ұжымдарының бірі – «Гермес» ішекті квартеті 27 қарашада «Астана Опера» театрының Камералық залы сахнасында өнер көрсетеді. Лионнан келген әртістер астаналық көрерменге «Романтикаға толы өмір» атты концерт ұсынды.

Концерт бағдарламасында – романтизм дәуірінің камералық музыкасы. Феликс Мендельсонның фа минор 80 шығ. ішекті квартеті орындалады. Мендельсонның шығармалары ширақтығымен һәм әсемдігімен, лирикалық жұмсақтығымен және шарықтаған шабытымен, үйлесімді тұтастығымен, формалары мен техникасының мінсіздігімен ерекшелінеді.

Кеште Антонин Дворжактың «Американдық» №12 фа мажор ішекті квартеті, 90 шығ. орындалады, олар чехиялық музыка классигінің ең танымал еңбектерінің қатарына жатады. Бұл шығарманы жазуға А. Дворжакқа америкалық ұлттық әуендер шабыт берген. Өз кезегінде опус кейінгі АҚШ композиторларына үлгі болды.

«Гермес» квартеті 2008 жылы Лионның жоғары ұлттық консерваториясының түлектерімен құрылған. Лион (2009), Женева (2011) және Нью-Йорктағы (2012) халықаралық байқаулардың бірінші сыйлықтарының лауреаты атанған ұжым, Кеннеди орталығы (Вашингтон, АҚШ), Карнеги-холл (Нью-Йорк, АҚШ), Линготто театры (Турин, Италия), Болонның филармониялық академиясы (Италия), Бибиен театры (Мантуя, Италия) және т.б. беделді алаңдарда өнер көрсеткен. Әртістер көптеген марапатқа ие болған альбомдар жазды, бірнеше әйгілі музыкалық фестивальдарға қатысты. Қазіргі уақытта Омер Бушез белгілі шебер К.А. Тонони 1738 жылы жасаған бірегей аспапта, ал Элиза Лью 1721 жылы Д. Теклердің қолынан шыққан виолончельде ойнайды.

Концерт Қазақстандағы Франция елшілігінің қолдауымен өтеді.

Басталуы 15:00, билет бағасы – 2000 теңге.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады