USD 335.61 EUR 361.32 RUB 5.26
Астана:

Алып тұлғалы Барток

Белгілі венгрлық пианиношы Балаж Рети және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтің жетекшілігіндегі «Астана Опера» Камералық оркестрі, «Бела Бартоктың микрокосмосы» атты концерт ұсынады. Венгрлық ұлы композитордың 135 жылдығына арналған музыкалық кеш 17 қазан күні театрдың Камералық залында өтеді.

Әйгілі шебер пианиношы, әлем халықтарының ән шығармашылығын зерттеуші ғалым-фольклоршы Б. Барток ХХ ғасырдың терең ойлы әрі ықпалды жаңашыл тұлғаларының бірі. Композитордың венгрлік музыка мәдениетіне ықпалы зор болды, оның музыкасы әлем бойынша үлкен сұранысқа ие.

Аталған кеште тыңдарманға Б. Бартоктың ішекті аспаптарға арналған туындылары, сондай-ақ фортепианолық шығармалары: Румынның халық билері, «Микрокосмос» кезеңінен пьесалар және тағы басқасы ұсынылады.

Балаж Рети – гуманитарлық ғылымдар докторы, Б. Барток музыкалық институтындағы фортепиано бөлімінің меңгерушісі. Ол Ф. Лист атындағы музыка академиясының түлегі (профессор Д. Надордың сыныбы). Орындаушы Дублин (Ирландия), Схевенинген (Голландия), Бордо (Франция), Перчах (Австрия) және тағы басқа қалаларда өткен халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Анни Фишер шәкіртақысының иегері (1999-2001). Оның концерттері Дублиннің ұлттық концерт залында (Ирландия), Берлиндік концертхауста (Алмания), Гвадалахарадағы Деголладо театрында (Мексика), Джакартадағы «Балай Сарбини» залында (Индонезия) сәтті өткен.

Концерттің жүргізушісі – музыкатанушы Сәуле Мәулетова.

Басталуы – 19:00, билет бағасы – 2000 теңге.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады