USD 335.61 EUR 361.32 RUB 5.26
Астана:

Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы

2016 жылдың 28 қарашасында Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапхана ғимаратында Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш шараға Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің филология бөлімінде білім алатын ІІ курс студенттері және қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары Мәншүк Тұрлыбекқызы мен Бекмағанбетова Оралсын Қалиқайдарқызы қатысты.
Филология бөлімінің ІІ курс студенті Аманат Хуаныш колледж студенттері атынан сөз сөйлеп, отырған ағалардың ерекше ықыласына ие болып, арнайы «ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы» атты кітаппен марапатталды.


Дөңгелек үстел «Әлихан жүрген із» атты экспедиция негізінде өткен іс-шараға Қайырбек Кемеңгер, Ғосман Төреғұл, Құдайберлі Мырзабек, Сәбит Жамбек, Аманжол Ыдырысұлы және тағы басқа ағалардың қатысуымен өтті.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады