USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

№ 6 кітапхананың оқырмандарымен кездесу өтті

2016 жылдың қараша айының 25-шы жұлдызында, Алматы қаласы ОКЖ-нің №6 кітапхана филиалының оқу залында, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Аралбаев С. Ж мырзамен № 6 кітапхананың оқырмандарының қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында №6 Кітапхана меңгерушісі Кадырбекова Б. А кітапхананың бір жыл көлемінде атқарған жұмыстары мен өткізілген мәдени шаралар жайында қысқаша баяндама жасады. Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Аралбаев С. Ж оқырмандарға аудан көлемінде атқарылған мәдени іс-шаралар, алдағы уақыттағы мәдени жоспарларымен таныстырды. Кездесу барысында оқырмандар өздерін толғандырған, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды, әр түрлі тақырыптағы пікірлерімен бөлісті.

Кітапхананың аға буын оқырмандары қазіргі таңда жастардың кітап оқуға бей-жай қарайтыны, өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы жоқ. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғаламтор , компьютер секілді құралдардың әсері деп есептейтіндіктерін айтса, жас оқырмандар өздерінің кітап оқитынын, жастар кітап оқымайды деген көзқарас бір жақты пікір екенін айты. Кітапхананың тұрақты оқырманы, көпті көрген ақсақал Кенжеғали Әбдікәрімұлы жастарға өз ақылын, кеңесін айтты: Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген Ғабит Мүсіреповтің қанатты сөзін мысалға ала отырып, жастарды кітап оқуға шақырды.

Кездесу соңында оқырмандар руханиат пен мәдениетті, өнер мен әдебиетті насихаттап келе жатқан кітапханаға қызметін мақтады, кітапхана меңгерушісіне, кітапхана қызметкерлеріне өз ризашылықтарын, алғыстарын білдірді.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады