BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Зырян қаласының Алтай болып өзгеруін 20 мың тұрғыны қолдады

Астана, BAQ.KZ. 20 мың қала тұрғыны Зырян қаласын Алтай қаласы болып қайта өзгеруін қолдады.

zakon.kz сайтының мәліметінше аудандық мәслихат отырысында Зырян ауданын Алтай ауданы, Зырян қаласы Алтай қаласы деп қайта атау туралы бастаманы жергілікті қоғамдастық өкілдері мен депутаттары бірауыздан қолдады.

Институт директоры Олег Чернышовтің айтуынша тұрғындардың 64%-ы Зырян ауданының Алтай ауданы, Зырян қаласының Алтай қаласы деп өзгерту бастамасын қолдаған. Әрі бұл бастаманы жаңа перспективаларды – туризмді және халықаралық ынтымақтастықты дамыту, ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту деп ойлайтындарын жеткізді.

Ал, қайта атауға қарсылық танытқандар қатарында егде жастағы адамдар және басқа елдің азаматтығын алған, бірақ Зырян қаласында әлі де тұрып жатқан Қазақстанның бұрынғы азаматтары бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін қоғамдық белсенділер Зырян ауданын Алтай ауданы, Зырян қаласы Алтай қаласы деп қайта атау туралы бастамасын көтерген болатын. Бұл бастаманы 28 қыркүйекте жергілікті қоғамдастық өкілдері мен аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдап, 10 қазанда Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының сессиясында депутаттардың мақұлдауына ие болды.

Барлығы 20 мыңнан астам қала тұрғыны жаңа атау ауданның дамуына серпін беріп, оның инвестициялық және туристік тартымдылығын арттыратынына сенім білдіріп отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер