BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Жұбайлар той кортежінен бас тартып, мұқтаж жандарға көмек көрсетті

Қызылордалық жас жұбайлар үйлену тойында қайырымдылық жасады, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Әйтеке би кентінің тұрғындары Әділбек Тілеубергенов пен Сәбира Нұрғабыл «Жанқожа батыр» мешітінде ақ некелерін қидырып қана қоймай, ізгіліктің үлгісін көрсетті. Жас жұбайлар той серуенінен бас тартып, мұқтаж жандарға қайырымдылық жасауды жөн көріпті. Дәлірек айтсақ, олар тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлікке толы пакеттерді үлестірді.

«Сыйлығымызды азғантай болса да шын ықыласымызбен бердік. Отау құрған алғашқы күніміз жақсылықтан басталғанын қаладық. Мақтан үшін емес, көптің батасын алу үшін осындай шешімге келдік», – дейді Әділбек Тілеубергенов.

Шаңырақ көтерген екі жастың некесін қиған мешіттің найб имамы Бақтияр Саламатов мұндай игі іске дән ризашылығын білдірді.

"Жастарға отбасының құндылығын түсіндіру, ынтымағын арттыру мақсатында биылғы жылды бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазірет елімізде "Ислам жəне отбасы жылы" деп жариялаған еді. Бүгінгі отау құрған екі жастың игі ісі де сол мүдденің үдесінен шығады. Олар мешітте некесін қидырып, мұқтаж адамдарға жәрдемін беріп, сауапқа кенелуде. Бұл басқаларға да үлгі боларлықтай. Өйткені, қазіргі таңда жастар үйлену тойының серуені үшін қымбат көліктер жалдап, қаржысын текке шашып жатыр. Әлбетте, қалай көңіл көтерем десе де әркімнің өз еркінде. Дегенмен, кортежге шығынданғаннан гөрі осылай қайырымдылыққа жұмсаса орынды болар еді. Мұқтаж жандар оларға шын жүректен алғыс айтса, ондай отбасының көгеріп-көктемеуі, бірлігінің бекем болмауы мүмкін емес», – дейді найб имам.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер