BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Желіде «Гражданка киіп алайын, еркекше сөйлесеміз» деген полицей туралы видео тарады

Желіде «Гражданка киіп алайын, еркекше сөйлесеміз» деген полицей туралы видео тарады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Видео Инстаграмдағы ztb_video паблигінде жарияланды.

Онда полицейдің бір жігітпен жанжалдасып тұрғаны байқалады.

«Нөміріңді берші маған. Төмен түсші. Мен гражданка киіп алайын. Еркекше сөйлесеміз екеуміз», - дейді полиция қызметкері.

Оқиғаның Алматыда болғанын видеодағы көліктердің нөмірінен білуге болады.

Алматы ІІД баспасөз қызметі видеоға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер