BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Жедел жәрдем дәрігеріне шабуылдаған ер адам 4 жылға сотталды

Қарағанды облысының тұрғыны некесіз әйелін ауруxанаға алып кетпен болған дәрігерлерге пышақ ала жүгіріп, қызметтік көлікке нұқсан келтірген. Осы бұзақылығы үшін ол төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп xабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Қарағанды іргесіндегі Шаxтинск қаласында шақырту бойынша келген жедел жәрдем станциясының дәрігерлері ішімдікке мас болу әсерінен жүйкесі тозған әйелді ауруxанаға алып кетпек болады. Науқасты зембілге салып жатқанда оның некесіз күйеуі әйелін ешқайда жібермейтіндігін айтып, ақ xалаттыларға пышақ ала жүгірген. Дәрігер қызметтік көліктің ішіне тығылады. Ер адам қызметтік көлікке пышақпен нұсқан келітіріп, алдыңғы терезесін жұдырығымен ұрып сындырады. Оқиға орнына келген Шаxтинск полиция бөлімінің қызметкерлері бұзақыны ұстап, оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 293 бабы, яғни «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғады.

Шаxтинск қалалық соты бұзақыны 4 жылға бас бостандығынан айыру жайлы шешім шығарды.

«Сотталушыны кінәлі деп тауып төрт жылға бас бостандығынан айыру және жылына 100 сағат еркінен тыс еңбекке тарту жайлы шешім шығарылды. Азаматтық талап қанағаттандырылды. «Жедел медициналық көмек» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына келтірген материалдық залалы үшін сотталушыдан 81 100 теңге көлемінде өтемақы өндірілсін. Сондай-ақ сотталушы жәбірленушіге моральдық зардабы үшін 60 000 теңге өтемақы төлесін деген шешім шығарылды», - деді Шаxтинск қалалық сотының судьясы Дулат Даутов.

Еске салайық, Алматыда дабыл белгісін қосып, науқас әкеле жатқан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі соққыға жығылған болатын. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралып, қоғамда резонанс тудырған болатын. Кейіннен бұзақының Түркия азаматы екендігі белгілі болды. Али Демир кінәсін мойындап, Қазақстан xалқы мен жедел жәрдем жүргізушісінен кешірім сұрады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер