BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Жамбылда 2 мыңнан астам нысанның сыртқы ақпаратынан кемшіліктер табылған

Жамбыл облысында арнайы жүргізілген тексеру барысында 2 мыңнан астам нысанның сыртқы көрнекі ақпаратынан кемшіліктер мен қателер анықталған. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметіні өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Көрнекі ақпараттарда мемлекеттік тілдің пайдаланылу дәрежесі 2018 жылы 85% деп белгіленген болатын. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес тілдерді дамыту басқармасы аудандар мен Тараз қаласы әкімдерімен келісімдерге отырып, межеленген көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарларын бекітті. 2018 жылғы І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, жоспарланған меже облыста – 83,5 % болса, аталған көрсеткіш – 85,1 % болып, 1,6 %-ға артық орындалды», - деді спикер.

Басқарма басшысының айтуынша, сыртқы көрнекі ақпараттарды, яғни жарнамаларды ҚР «Тіл туралы» Заңының 21-бабына, «Жарнама туралы» Заңының 6-бабына сәйкестендіру мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылған.

«Ағымдағы жылдың мамыр айында Тараз қаласының сыртқы көрнекі ақпараттарындағы тіл сауаттылығы, олардың Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарына сәйкестіктері зерттелді. Зерттеуге 867 көше, 445 бұрылыста орналасқан 8 587 нысан қамтылып, оның 1 114-інен кемшіліктер анықталды. Жалпы үстіміздегі жылдың 8 айының қорытындысы бойынша облыстағы 13 582 нысанға зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 2 067 нысаннан кемшіліктер анықталып, барлық нысан иелеріне тиісті заңнама талаптары түсіндірілді», - деді Сұлушаш Құрманбекова.

Спикер атап өткендей, өңірдегі облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы, кенттердегі, ауылдардағы және басқа да елді мекендердегі көше көрсеткіштерін бір үлгіде жазуды және орналастыруды қамтамасыз ету баса назар аударылып келеді. Осы мақсатта аталған ведомство жылдың соңына дейін барлық көшелердің кемі 50% жаңа үлгідегі аншлагтармен қамту туралы мақсат қойған.

«Ағымдағы жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша, 1 265 көше жаңа үлгідегі аншлагтармен қамтылып, аталған көрсеткіш 24,1% орындалды. Жыл соңына дейін белгіленген межеге қол жеткізу басты назарда», - деді басқарма басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер