BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Жамбыл облысының қанатты жолы мен «Шымбұлағы» болады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы «Қаралма» тау-шаңғы кешені 2019 жылдың басында ашылады. Бұл туралы өңір басшысы Асқар Мырзахметов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінен 7-ақ шақырым қашықтықта орналасқан демалыс аймағы жобасының құны 4 млрд теңгені құрайды.

«Тау-шаңғы базасының құрылысы 60% дайын. Жақында ғана біз сол құрылыс барысымен танысып қайттық. Ауа райының қолайсыздығын ескеріп, жақын арада, ары кетсе келер жылдың басында құрылысты аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз», - деді Мырзахметов.

Облыс әкімі заман талабына сай тау-шаңғы базасының құрылысына қажеттінің барлығы сатып алынғанын айтты.

«Аспалы жол да, бәрі де бүгінде сатып алынып қойылған, орнатылып жатыр», - деді ол.

БАҚ беттеріне назар салсақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынып жатқан кешеннің күніне 4 мың адамды қабылдауға қауқарлы. Онда Алатаудың шыңынан бастап, баурайымен 2500 шақырымдық сырғанау жолақтары мен 3 шақырымдық аспалы жол салынбақшы. Сондай-ақ, кешенде 50 адамға арналған қонақ үй, жыл он екі ай туристерді тарту үшін қымыз, саумалмен емдеу, атпен серуендеу сынды қызметтер де көрсетілмек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер