BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Жамбыл облысындағы колонияда жарты келіге жуық есірткі тәркіленді

Жамбыл облысына қарасты қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері түзеу мекемесіне ірі көлемде есірткі кіргізген кәсіпкерді ұстады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«Өңірдегі колониялардың бірінде өндіріс орнын ашқан кәсіпкер біздің қызметкерлердің назарына бірден ілігеді. Қызмет барысында қырағылық танытқан тәртіп сақшылары кәсіпкерді жеке тінту кезінде оның аяғынан целлофанға оралған 6 қалта алды», - дейді Жамбыл облысы ҚАЖ департаментінің бастығы Мейіржан Смағұлов.

ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі осы жылы ірі көлемдегі есірткінің алғаш рет тәркіленіп отырғанын атап өтті. Сот-химиялық сараптама қорытындысы алынған затты жарты келіге жуық марихуана есірткісі деп тапты.

Аталған фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер