Жамбыл облысында пойыздың рельстен шығып кету себебі анықталды - Аймақ|09 Тамыз 2018, 13:12
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 410.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Жамбыл облысында пойыздың рельстен шығып кету себебі анықталды

«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ Сарышаған-Шығанақ телімінде вагондардың рельстен шығып кетуіне қатысты шығынды вагонның меншік иесі - «Инсткомтранс» ЖШС-тен талап етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 31- шілдеде Сарышаған- Шығанақ теміржол телімінде жүк вагондарының жолдан шығып кетуіне қатысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ мамандары, Украинаның «Азовэлектросталь» ЖАҚ, «Инсткомтранс» ЖШС өкілдерінің қатысуымен тергеу амалдары өткізілді.

«Тексеру көрсеткендей, 28-ші вагонның бүйір жақтаушасының жарықшағы апатқа себеп болған. Аталған ақауы бар жақтаушаны 2009 жылы «Азовэлектросталь» ААҚ шығарған. Вагонның меншік иесі – «Исткомтранс» ЖШС. Қазіргі қолданыстағы ҚР Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік тәртібіне байланысты болған оқиға «Азовэлектросталь» ААҚ тарапына тіркелді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға келтірілген барлық шығындар заңдық негізде вагонның меншік иесі «Исткомтранс» ЖШС-тен талап етілді», - деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 31 шілде күні Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кеткен болатын. Осыған байланысты сол күні бес жолаушылар пойызы уақытынан кешіккен. Кейіннен 19 жолаушылар пойызының қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізілген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер