BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Жамбыл облысында магистральдік жылу желілері жаңғыртылуда

Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысындағы 12 км астам магистральдік жылу желілері ауыстырылады. Бұл жөнінде Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй–коммуналдық шаруашылық басқармасы жылу энергетика бөлімінің бас маманы Сағи Үтелов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Облыс нысандарын қыс мезгіліне дайындау жоспарға сай атқарылуда. Бүгінде нысандардың дайындығы 97,7% құрап отыр. Соның ішінде, 434 автономдық қазандық 100% дайын, жылумен жабдықтау желілері 99,9%, сумен жабдықтау желілері 94,8% және су бұру желілері 96% дайын болып отыр. Әлеуметтік салада 1753 нысанның 1751-і дайын. Мұның ішінде, білім беру саласындағы 2 нысан бойынша дайындық жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. Сол сияқты, облыстағы көпқабатты тұрғын үйлердің 96,1% жылу маусымына сақадай сай», - деді Сағи Үтелов.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы отын-энергетика кешені кәсіпорындарымен жылыту маусымына дайындаық жұмыстарына 1,976 млрд теңге қарастырылған.

«Бүгінгі күні 1,680 млрд теңгеге 85% жұмыстар атқаралды. Соның ішінде, жоспарлы жөндеу жұмыстарына 899 млн теңге, инвестициялық бағдарлама бойынша 1,083 млрд теңге тартылды», - деді бас маман.

Басқарма өкілі берген ақпаратқа сәйкес, өңірдегі қазандықтар мен жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мысалы, жазғы маусымда облыстағы 73 қазандыққа және 45,3 шақырым жылу желісіне кұрделі немесе ағымдағы жөндеу жүргізіліп, бірқатар мектептердегі қазандықтар қайта жаңғыртылған.

«Тараз қаласының жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыру мақсатында 12,4 км жылу желісін ауыстыруға 9,860 млрд теңгеге 3 жоба әзірленді. Ағымдағы жылы аталған жобаны іске асыру үшін 1,786 млрд теңге бөлініп, ол өз кезегінде 3,13 км магистральдік жылу желісін ауыстыруға мүмкіндік береді. Бүгінде 1,318 млрд теңгеге 74% жұмыстар атқарылды. М-2 және М-4 жылу желілерін қайта жаңғырту жобаларын аяқтау үшін 2019 жылы республикалық бюджеттен 7,618 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат 9,2 км магистральдік жылу желісін ауыстыруға мүмкіндік береді. Айта кету керек, аталған учаскелерде 148 көппәтерлі тұрғын үй мен 59 әлеуметтік нысан жылумен қамтылады. Жоспарланған іс-шараларды іске асыру тұтынушыларды үздіксіз жылумен қамтуға мүмкіндік береді», - дейді энергетика бөлімінің бас маманы.

Сонымен қатар, бүгінде Тараз қаласындағы жылу-энергетика кәсіпорындарымен шаһардағы 744 көпқабатты тұрғын үй ыстық сумен кестеге сәйкес қамтамасыз етілуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер