BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Жамбыл облысында $50 мың пара алмақ болған басшы ұсталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысында кәсіпкерден пара алған басқарма басшысын ұстады. Бұл туралы Астанада өткен брифингте аталған агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жаxин мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Оның айтуынша, пара алды деп күдікке ілінген шенеунік облыстағы жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау бойынша басқарма басшысы болған.

«Ол шаруа қожалығына тиесілі 25 гектар жерді мемлекет пайдасына қайтармағаны үшін 50 мың доллар талап еткен. Ол аталған сомманың 2 млн теңге көлеміндегі парасын алды деген күдік бар. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр», - деді ресми өкіл.

Сонымен қатар осыған ұқсас қылмыс Ақмола облысында да анықталыпты.

Мұнда басқарма басшысы өз қылмысын іске асырып үлгерген. Ол екі жыл бұрын қызметтік лауазымын асыра пайдаланып, төрт жер телімін мемлекетке қайтармай, жеке пайдалануға берген. Салдарынан бюджетке 2 млн теңге көлемінде шығын келген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер