BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Жамбыл облысында 350 үй жөндеуді қажет етеді

Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысында 350 үй жөнеуді қажет етеді. Бұл жөнінде Жамбыл облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ағабек Мырзабеков мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Облыс бойынша 4 қалада 1603 көппәтерлі үй бар. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы қабылданған 2010 жылдан бері тіркелген мәлімет мәлімет бойынша аталған көппәтерлі үйдің 38% жөнеуді қажет ететін. Сол уақыттан бері 3 млрд 374 млн теңгеге жалпы 241 үй күрделі және ағымдағы жөндеуден өтті. Айта кету керек, баспаналары жөндеуден өткен тұрғындардың қайтарым қаражаттары есебінен 2013-2017 жылдар аралығында 884 млн теңгеге 69 үй жөндеуден өтті. Ал ағымдағы жылдың 8 айында облыс бойынша 535 млн теңгеге 19 үй жөндеуден өтіп жатыр», - деді бөлім басшысы.

Оның айтуынша, жаңғыртылып жатқан үйлердегі жөндеу жұмыстарының сапасы өте жоғары және мердігерлер өз жұмыстарына аса тиянақты.

«Шыны керек, бағдарлама іске қосылған 2011 жылы мердігерлер арасында жөндеу жұмыстарын біршама сапасыз жүргізгендер болды. Ал, қазіргі уақытта тұрғын үйлерді жаңғыртуды қолға алған мердігерлер өз жұмыстарына жауапты қарайды, аса ұқыпты. Оны жөндеу жүргізіліп, жаңартылған үйлерге қарап-ақ түсінуге болады. Өзіңіз білесіз, әсіресе, кеңес үкіметі кезінде салынған үйлердің жертөлелері, кәріз жүйелері әбден тозған. Онда тізеден келетін сасық су жиналып, жертөлеге кіру мүмкін болмайтын. Қазір, бағдарламаның арқасында жертөледе өмір сүруге болады. Іші құп-құрғақ, жылы, шағыл тас төселген. Біз облыс бойынша тұрғын үйлердің ахуалын бақылауда ұстаймыз, арнайы мониторинг жүргіземіз. Қазіргі уақытта облыс бойынша 350 үй жөндеуді қажет етеді. Оның ішінде, 331 үй Тараз қаласында болса, қалғаны аудандарда орналасқан», - деп түйіндеді Ағабек Мырзабеков.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер