BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Жамбыл облысына 69,1 мың тонна әлеуметтік мазут бөлінген

Фото: airecoolmechanical.com

Жамбыл облысына алдағы жылыту маусымына 69,1 мың тонна әлеуметтік мазут бөлінген. Бұл жөнінде Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы жылу энергетика бөлімінің бас маманы Сағи Үтелов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жылыту маусымына орай моно және шағын қалалардың орталық қазандықтарына отын сатып алуға 1,2 млрд теңге қажет. Оның ішінде, төртінші тоқсанға облыстық бюджеттен 413 млн теңге қарастырылған. 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларына қаражат бөлінуі ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында жергілікті бюджет есебінен шешілетін болады. Бюджеттік мекемелерге қажетті 72,2 мың тонна көмірдің 99,8% қамтылды. Тұрғындарға қажетті көмір жоспар бойынша 332,9 мың тонна болса, жеткізілгені 167 мың тоннаны құрап отыр», - деді бас маман.

Сағы Үтеловтың берген ақпаратына сәйкес, кәсіпорындарда резервтік отынның нақты қоры 2,572 мың тонна көлемінде болып, бұл тапсырыстың 87,9% құрап отыр.

«ҚР Энергетика министрлігінің тасымалдау кестесіне сәйкес Жамбыл облысына алдағы жылыту маусымына 2018 жылдың қазан айынан 2019 жылдың ақпан айы аралығында 69,1 мың тонна әлеуметтік мазут бөлінген. Оның ішінде, «ЖГРЭС» АҚ-ға 33 мың тонна, облыстағы жылумен қамту кәсіпорындарына 36,1 мың тонна белгіленіп отыр», - деген басқарма өкілі жылыту маусымына дайындық жұмыстары күнделікті бақылауда екенін айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін хабарлағанымыздай, Жамбыл облысы жылыту маусымына толық дайын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер