BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Ұшақ апаты: Білікті дәрігерлер бара жатқан жүкті әйелдің жағдайы белгілі болды

Фото: medobook.com. Көрнекі сурет

Санавиация ұшып бармақшы болған әйел жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Бұл туралы Шымкенттегі облыстық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Вячеслав Цай айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әйел босанған соң Түркістаннан Шымкент ауруханасына 2 қазанда түскен. Сәбиді 16 қыркүйекте босанған. Бірақ осы уақыт бойы түркістандық дәрігерлер оның өмірін аман алып қалу үшін әрекет етіп келген.

Облыстық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Вячеслав Цайдың айтуынша, әйел оларға өте ауыр жағдайда келіп түскен.

«Республикалық деңгейдегі дәрігерлерді шақыру тәжірибеде бар, науқас ауыр жағдайда жатқанда сала мамандарының кеңесі қажет болады. Мұндай жағдайда уақыт факторы аса маңызды. Қазір республикалық санавиациямен келіссөздер жүргізіп жатырмыз және борт тағы да ұшып келе ме, ұшып келсе қайдан келетінін анықтаймыз», - деді Вячеслав Цай.

Осыған дейін әуе апатынан қазақстандық белгілі дәрігер-профессорлардың қаза тапқаны хабарланған болатын.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 3 қазанда кешкі уақытта Алматыдан Шымкентке дәрігерлер бригадасы ауыр жағдайда жатқан жүкті әйелге көмектесу үшін аттанған.

Еске салайық, 3 қазанда East Wing әуекомпаниясының АН-28 ұшағы ұшып шыққаннан кейін 12 минут өткенде радардан жоғалып кеткен еді. Кейін ұшақ Алматы түбінде өртеніп жатқан жерінен табылған. Бортта болған бес адам қаза тапты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер