BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Үйге газ тарту бағасын төмендеттік - Мырзахметов

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл обысында газды үйге кіргізу құны қымбат болуына байланысты 88 мың адамға бұл қызметті пайдалана алмай отыр. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Жамбыл облысындағы 377 елді мекеннің 181-і газдандырылған. Ал онда 806 мың халық тұрады. Алайда облыс әкімі Асқар Мырзахметов осы газы бар елді мекендердің өзінде де көшеден үйге газды кіргізу мәселеге айналғанын айтты.

«Аулаға кіргізу жұмысының қымбаттығына байланысты өкінішке қарай, 88 мың адам газға қол жеткізе алмай отыр. Осы мәселені шешу үшін «Жамбыл Жылу» коммуналдық мекемесіне арнайы лицензия әперіп, кіргізу жұмыстарына кететін шығынды санап шығып, бағаны 150 мың теңгеден 83 мың теңгеге дейін төмендетіп отырмыз. Жылдың аяғына дейін 53 мың халық газдандырылады. Қалып отырған 35 мың халыққты газдандыру үшін үшін жобалық құжаттаманы әзірлеуге тиісті қаржы қарастырылды. Ал газдандырылмаған 173 елді мекен мәселесін шешу үшін келер жылға 84 елді мекенді газдандыру үшін Энергетика министрлігіне тиісті өтінімдерді бердік», - деді Асқар Мырзахметов Орталық коммуникациялыр қызметінде өткен абспасөз мәслихатында.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер