BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Түркістанда Megacity орталығы ашылады

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс орталығында бірқатар нысанды аралады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Аймақ басшысы әуелі «Түркістан индустриалды аймағында» орналасқан «Гранд микс» жиһаз фабрикасына барды. Ел ішін қамтамасыз етіп отырған жобаның жалпы құны - 364 млн теңге. Бүгінде өндіріс орнында 120 адам жұмыспен қамтылып отыр. Жалпы аумағы 1,8 гектарды құрайды. Аталған жоба жылына 150-170 млн теңгенің дайын өнімін өндіреді. Қазір фабрика жиһаздың 40-қа жуық түрін дайындауда. Негізі шикізат Ресейден алынады. Жобаның жұмыс барысымен танысқан облыс әкімі әлі де өнім көлемін арттыруды тапсырды.

Одан кейін облыс әкімі жалпы аумағы 15 мың шаршы метрлік «Megacity» ойын-сауық кешенінің құрылысымен танысты. Нысанның жалпы құны 2 млрд. теңгені құрайды. Мұнда алдағы уақытта 200 адам жұмыспен қамтылып, тәулігіне 800 адамға қызмет көрсететін болады. 5 қабатты кешеннің әрбір қабатында түрлі бөлім орналаспақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер