BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Түркістан облысының жаңа гербіне байқау жарияланды

Фото: интернеттен

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының ұйымдастыруымен өңірдің жаңа гербінің үздік эскиздік жобасына байқау жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысының гербіне үздік эскиздік ұсыныстар 2018 жылдың 3 қазан күні сағат 16:00-де қаралады. Қатысу үшін байқау 2018 жылдың 1 қазанына дейін Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасына тапсырылуы қажет (sauletuko@yandex.ru, 53-95-56). Жеңімпаздар димломмен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Жалпы жүлде қоры – 1 миллион теңге.

Байқауға жеке және заңды тұлғалар қатысады. Байқауға талаптары: түсініктеме жазба, эскиздің мақсатын айқындайтын негізгі сызбалар, компьютерлік кескіндеме немесе түрлі-түсті бояумен салынған суреті, жобалар көлемі 90х60 см планшеттерге орналастырылуы қажет.

Бауқауға қатысушалардың ұсыныстарын республикаға белгілі сәулетшілер мен сала мамандары қазылық ететін болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер