BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Түркістан облысында күн электр станциясы салынуы мүмкін

Түркістан облысы, BAQ.KZ. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев «KK-KIUNSEN» компаниясының ди⁠ректоры Джон Енг Сун бастап келген делегациямен кездесті. Басқосуда өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайы сөз болды.

Аймақ басшысы кездесуде өңірдің экономикалық әлеуетін таныстырып, бірлесіп инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға дайын екендігін жеткізді.

«Оңтүстік Кореяны жаңа технология, ауыл шаруашылығы, өндіріс салалары дамыған ел ретінде білеміз. Болашақта аталған салаларда байланыс орнатып, екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта түсеміз деген сенімдеміз. Түркістан облысы кәсіпорындар ашып, кәсіпкерлік саласын дамытуға өте қолайлы аймақ. Сондай-ақ, өңірімізде жаңа жобалар құрып, жұмыс істеуге ниетті инвесторларға түрлі жеңілдіктер мен мүмкіндіктер қарастылған», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Кездесу барысында қонақтар Бейдібек ауданына жалпы құны 7,4 млрд теңгені құрайтын күн электр станциясын салу туралы ұсынысын білдірді. Жамбыл ауылында бой көтеретін станцияның жалпы аумағы 1200 гектарды құрайды.

Жоба жүзеге асырылса, 10 Мвт электр энергиясы өндірілетін болады. Сондай-ақ, 50 адам жұмыспен қамтылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер