BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 372.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Түркістан мен Алматы арасында туристік пойыз қатынайды

Жақын арада Түркістан мен Алматы қаласының арасында жүрдек пойыз бағыты ашылады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінде өткен кездесуде белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімдігінде «Тұран экспресс» компаниясы мен Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, туризм және сыртқы байланыстар басқармасы және ішкі саясат басқармасы арасында әріптестік және іскерлік байланыс жөнінде меморандумға қол қойылды.

Аталған пойыз Алматыдан жұма күні шығып, жексенбі күні кері қайтады. Әзірше бұл пойыз аптасына 4 рет жүргізілсе, келешекте күн сайын сапарға шығады деген жоспар бар.

Сонымен қатар, «Тұран экспресс» компаниясы Түркістан мен Шымкент қалалары арасында күн сайын қатынайтын пойыз бағытын ашуды да қолға алмақшы. Әкімдіктер тарапынан қолдау тапса, бұл жоспар да жүзеге аспақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер